Сәрсен Құранбек 1976 жылы Жетісу облысында туған.
- Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазақтың спорт және туризм академиясын, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
- Еңбек жолын 1995 жылы "№ 4 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі" МКҚК жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады.
- 2002-2004 жылдары – "№15 балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубы" МКҚК директоры.
- 2004-2007 жылдары – "№ 4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" МКҚК директоры.
- 2007-2009 жылдары – "Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ бастығының орынбасары.
- 2009-2010 жылдары – "Республикалық спорт колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары.
- 2010-2011 жылдары – "Қысқы Азия ойындары мен Олимпиада алауының эстафетасы жөніндегі қалалық дирекциясы" МКК директорының орынбасары.
- 2012-2014 жылдары – "Қазақстан барысы" қазақ күресін дамыту қоры" қоғамдық қорының атқарушы директоры.2014 жылы "ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі" ММ төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
- 2014-2018 жылдары – "ҚР Qazaq kuresi Федерациясы" қауымдастық нысанындағы ЗТБ Бас хатшысы.
- 2018-2022 жылдары – "Қазақстан шөген федерациясы" қауымдастық нысанындағы ЗТБ Бас хатшысы.
- 2022 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін "Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы" қауымдастық нысанында ЗТБ бас директоры қызметін атқарды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу