Бейсен Құранбектің інісі Шымкентте жаңа қызметке тағайындалды

1208

Ол әрі қала әкімінің орынбасары қызметін қоса атқарады.

Бейсен Құранбектің інісі Шымкентте жаңа қызметке тағайындалды Фото: Үкімет

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, алдағы уақытта қала әкімдігінде апта сайын бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен брифинг өткізіліп, мегаполистің дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланатын болады. Онда басты баяндамашы рөлі Сәрсен Құранбекке жүктеліп отыр, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Алғашқы брифинг 5 наурыз, сәрсенбі күні сағат 11:00–де "Көрме" көрме орталығындағы ұйымдастырылмақ. Оған қатысу үшін БАҚ өкілдері қалалық ішкі саясат басқармасынан аккредитациядан өтуі тиіс. 

Сәрсен Абайұлы 1976 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін бітірген. Сондай-ақ қазақтың спорт және туризм академиясы мен "Қазтұтыну" одағы Қарағанды экономикалық университетінің түлегі. Мамандығы – философия, дене шынықтыру мәдениетінің оқытушысы, каратэ жаттықтырушысы, құқықтанушы.

Сәрсен Абайұлы еңбек жолын 1995 жылы Алматы қаласындағы "№ 4 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады.

2003–2023 жылдар аралығында жеке секторда және орталық мемлекеттік органдарда жауапты басшылық қызметтер атқарды.

2023 жылдың ақпан айынан бастап 8 қарашаға дейін Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымында еңбек етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу