"Қазақстан Республикасының батыс облыстары солтүстік-батыстан қозғалатын циклондық науаның ықпалында болады, осыған байланысты жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, солтүстік-батыста, солтүстікте, республиканың орталығында жаңбыр жауады. Атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуінде қар жауады, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар). Тек республиканың оңтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі, батыста, оңтүстікте көктайғақ болады, батыста, оңтүстік-шығыста, шығыста желдің күшеюі күтіледі", - делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.