Сәрсенкүл Рысбаева стенд атудан олимпиада жолдамасын жеңіп алды

795

Стенд атудан Катар астанасы Дохада өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында "траптан" әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды.  

Сәрсенкүл Рысбаева стенд атудан олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық Сәрсенкүл Рысбекова Олимпиада жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ол Азия чемпионатында күміс медаль иеленіп, Токио ойындарының лицензиясына қол жеткізді. Олимпиадаға іріктеу ережесі бойынша Азия чемпионатында жүлделі үш орынға ие болған спортшыларға жолдама таратылады. 

Құрлық додасында алтын медальді ливандық Рэй Бассил еншілесе, қола медальді тайпейлік Ю Ван Лю иеленді. 

Айта кетелік, бұл Қазақстан командасының қоржынындағы 22-ші жолдама. Бұдан бөлек, Қазақстан командалық сында Азия чемпионы атанды.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу