"Сары-Арқа" әуежайы" АҚ-ның 50 млн теңгеден астам табысы тәркіленді

Сондай-ақ, 31 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

"Сары-Арқа" әуежайы" АҚ-ның 50 млн теңгеден астам табысы тәркіленді

Қарағандыдағы "Сары-Арқа" әуежайы" АҚ-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Компания ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1) тармағын бұзғандығы, атап айтқанда 2018-2019 жылдары ішкі әуе желілері бойынша авиа жанар жағар майға монополиялық жоғары баға белгілегені анықталған, деп хабарлайды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"02.09.2022 жылғы Қарағанды қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен "Сары-Арқа" әуежайы" АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 240 000 (елу миллион екі жүз қырық мың) теңге мөлшерінде монополиялық табысы тәркіленіп, 31 104 912 (отыз бір миллион бір жүз төрт мың тоғыз жүз он екі) теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды",- деп жазылған агенттік хабарламасында.

26.09.2022 ж. әуежай мемлекет кірісіне монополиялық табыс бойынша 50 240 000 теңге мөлшерінде айыппұл төлеген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу