Сары май өндірісі төмендеп, сырттан көбірек жеткізіле бастады

1268

Жыл басынан бері май өндірісі төмендеп, бағасы бірден 15%-ға өсті. Маңғыстау облысында қымбаттағаны қатты байқалып отыр (29%).

Сары май өндірісі төмендеп, сырттан көбірек жеткізіле бастады

Елдегі сары май өндірісі жыл басынан бері шілдеге дейін 13,9 мың тоннаны құрады. Былтырғы ұқсас кезеңнен 12,6%-ға аз, деп жазады inbusiness.kz.

Биыл қаңтар-мамыр арасында отандық май зауыттары сары майға сұранысты 71% қамтамасыз еткен. Былтыр 83,6% қамтамасыз еткен еді. 

Сары майды импорттау да арта түсті. Бір жылда сырттан алып келу үлесі 16,4%-дан 29%-ға дейін артты.

2022 жылғы қаңтар–мамырда экспорт төрт еседей (541,5 тоннаға дейін) қысқарды. Тұздалмаған сары май келісінің бөлшек саудадағы құны, шілдедегі есеп бойынша, 3,3 мың теңгеге жетті.

Жыл басынан бері сары май Маңғыстау облысында айтарлықтай қымбаттады (бірден 29%). Одан кейін Шымкент (26,7%) пен Жамбыл облысы (26,4%) тұр.  

Әзірге Нұр-Сұлтан (3%) қаласы, Алматы (5,6%) және Павлодар облыстарында (7,2%) баға азырақ өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу