Сарыағаш аудандық прокуратурасының 8 қызметкеріне пәтер берілді

1662

Түркістан облысының Сарыағаш ауданы прокуратурасының 8 қызметкері отбасымен "Кеден қалашығында" орналасқан жаңа пәтерге қоныстанды.

Сарыағаш аудандық прокуратурасының 8 қызметкеріне пәтер берілді

Сарыағаш ауданы прокуратурасының қызметкерлеріне тұрғын үй кілті тапсырылды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Бұған дейін аудандық прокуратура қызметкерлері орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ және одан да басқа​ тұрмысқа қажетті жағдайлары жасалмаған жалдамалы пәтерде тұрып келген.

Қызметтік пәтерлердің кілтін облыс прокурорының өзі Нұрғалым Әбдіров тапсыра отырып, оларға отбасылық амандық тіледі.

Бүгінгі күні Түркістан облысы бойынша ведомстволық пәтерде прокуратура органының 34 қызметкері тұрып жатыр.

Сонымен бірге, баспанасы жоқ өзге де қызметкерді, оның ішінде Түркістан қаласына қоныстанғандарды үй-жаймен қамтамасыз ету мәселесі қаралып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу