Сарыағаш ауданы Өзбекстаннан су сатып алады

1322

Сарыағаш ауданы Өзбекстаннан су сатып алады

Сарыағаш ауданында ауыз су проблемасын шешу үшін жергілікті билік өкілдері шекаралас Өзбекстан елінен су сатып алатын болды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Ауданға қарасты 30 елдімекенге көрші елден ауыз су тартылмақ. Бұл үшін аудан әкімшілігі мен көрші елдің билік өкілдері бір келісімге келіп, арнайы жоба негізінде жұмыс атқаратын болды.

Аптап ыстықта су тапшылығын сезінген азаматтар жаздың күні бөтелкелерін суға толтыруды әдетке айналдырған. "Судың да сұрауы бар" екенін мұндағы тұрғындар жақсы түсінгендей. Өйткені Сарыағаш ауданына қарасты Абай ауылындағы ағайынға ауыз су сағаттап қана беріледі. Ау сусыз қалмас үшін тұрғындар аз ғана уақыттың ішінде үйдегі бос ыдыстарға су жинап үлгеруі тиіс.

"Өзбекстанмен келісіп отырмыз, судың қаншадан сатып алу жөнінде мәселе шешіліп жатыр. Келісім бойынша жобалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. 30 елді — мекенге Өзбекстаннан су тартылады. Біз Өзбекстан елімен шекаралас жатқандықтан, мәселені осылай шешуді жөн көрдік. Жылдың соңына дейін аудандағы әлеуметтік мәселелер 50 пайыздан — 60 пайызға дейін шешіледі деп жоспарлап отырмыз", - Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Әбдуалиев.

Көрші елден жеткізілетін судың нақты бағасы әлі нақтыланған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу