Сарыағаш ауданында 10 жылдан бері ешбір елдімекенде жер телімдері берілмеген

727

Алдағы уақытта жер телімдерінің құжаттары дайын болуына қарай 500-ге жуық азаматқа тұрғын үй салу үшін жер берілетін болады.

Сарыағаш ауданында 10 жылдан бері ешбір елдімекенде жер телімдері берілмеген

Олардың барлығы да бірнеше жылдан бері жер кезегіне тұрғандар, деп хабарлайды inbusiness.kz өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан көлемінде 2012 жылдан осы күнге дейін ешбір елді мекенде жер телімдері берілмепті.

– Бүгінгі таңда аудан аумағында инфрақұрылымды дамыту кезек күттірмейтін мәселелердің біріне айналып отыр. Себебі тұрғындардың жеке тұрғын үйлерін салу үшін жер телімін бөлу жөніндегі сұраныстары жылдан-жылға өсіп келеді. Сонымен қатар тұрғын үй салу үшін жер телімі бөлінгенімен заң талаптарына сәйкес, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген жер телімдері табысталмайды. Сондықтан осы мәселелерді шешу мақсатында Жылға ауылдық округінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуда бірқатар жұмыстар атқарылып, қазір сол жер телімдерін табыстағалы отырмыз. Құтты қоныс салынып, осы жер үлкен орталыққа айналсын!, – деді аудан басшысы Мұхит Отаршиев.

Айта кетсек, бүгінгі таңда ауданда 18000-нан астам азамат жер кезегінде тұр. Тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін сұрап жазған өтініштер санын азайту мақсатында Дербісек елдімекеніндегі 70 га жаңа қоныстану аймағын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы бөлдіру үшін облыстық бюджетке ұсынылған. Қажетті қаржы бөлінген жағдайда аталған аймақ инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, жер телімдері кезекте тұрған азаматтарға беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу