Сарыағаш ауданында 8 елдімекенге табиғи газ тартылды

887

Сарыағаш ауданында 8 елдімекенге табиғи газ тартылды

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданында болып, бірқатар нысанды аралады. Алдымен аймақ басшысы Сарыағаш қаласындағы 36 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйдің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, пәтер кілттерін тапсырды.

Құрылысы 2015 жылдың шілде айында басталған көп қабатты тұрғын үй құрылысына облыстық бюджеттен 250 млн теңге жұмсалған. Құрылыс жұмысын "Оңтүстік құрылыс компаниясы" ЖШС жүргізген.

Жалпы Сарыағаш ауданында тұрғын үйге өз санатына қарай 2170 адам кезекте тұр. Қазір аудан тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 10,0 га жерге 5 қабатты 45 пәтерлі 13 тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге мемлекеттік сатып алу байқауы жарияланған.

Мұнан соң аймақ басшысы Ақтөбе ауылдық округінің Ақжар елді мекенінде табиғи газ желісіне қосу салтанатына қатысты.

Сарыағаш ауданы Ақтөбе ауылдық округіндегі газ өткізгіштің құрылысы аяқталғалы 9428 тұрғыны бар 8 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етілген. Осылайша 1327 отбасы көгілдір отын пайдалануға мүмкіндік алды.

Табиғи газ өткізгіштің құрылыс-монтаж жұмысына облыстық бюджеттен 991 млн 372 мың теңге жұмсалды. Құрылыс жұмысын "CK MEGARON" ЖШС жүргізген.

Жалпы ауданда 154 елді мекеннің 74-і табиғи газбен қамтылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу