Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында шаруалар әлеуметті маңызға ие, ерте пісетін картоп өнімін егуді бастап кетті.
Науқанды алғашқы болып бастаған шаруалардың бірі – Қабланбек ауылдық округінде орналасқан “Өскенбай” шаруа қожалығы.
Қожалық төрағасы Ө.Рысмамбетов биыл иелігіндегі 2 га жерге "Реверия" сұрыпты картобын егуде.
Алдағы уақытта 2 га алқаптан 45 тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Картоп өнімін жинап алғаннан кейін орнына қырыққабат, болгар бұрышы және кешкі картоп өсіру көзделген. Биыл аудан шаруалары жалпы 2,9 мың гектарға жуық жерге картоп өсіреді деп күтілуде. Оның ішінде 1,8 мың гектарына ерте пісетін картоп егілмек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу