Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев құрылыс нысанына арнайы барып, зауыттың қазіргі жай-күйімен танысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Индустриалды аймақта орналасқан зауыт тәулігіне 45 тонна күнбағыс майын өндіреді деп жоспарланып отыр.
– Бүгінде зауыт ғимаратының кірпішін қалау жұмыстары мен инфрақұрылым тарту шаралары жүргізілуде. Зауыт үш цикл бойынша жұмыс істейді деп күтілуде. Мұнда күнбағыс майын өндірумен қатар, құнарлы мал азығын да шығару жоспарланған. Нысанды осы жылдың соңына дейін іске қосу көзделген. Жоба "Альбаракад 077" ЖШС инвестициясымен жүзеге асырылуда, – хабарлады Түркістан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу