Сарыағаш ауданында мектептегі әрлеу жұмысынан кейін уланған оқушылар мен мұғалімдердің саны тағы да өсті

319

Бүгін 6 мұғалім мен 2 оқушы жергілікті емханаға қаралып, алғашқы медициналық көмек алды.  

Сарыағаш ауданында мектептегі әрлеу жұмысынан кейін уланған оқушылар мен мұғалімдердің саны тағы да өсті Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

"Барлық қаралушылардың жағдайы қанағаттанарлық, стационарлық көмекті қажет етпейді. Барлық қаралған науқастар медицина қызметкерлерінің қатаң бақылауында. Оларға түтіндер мен булардың токсикалық әсері деген диагноз қойылды" - делінген Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы тарапынан ұсынылған ақпаратта.

Айта кетейік, кешегі күні Жартытөбе ауылдық округіндегі Ынтымақ ауылында орналасқан N9 Майлықожа атындағы орта мектебінде мұғалімдер мен оқушылар химиялық заттан уланып қалған болатын. Мектептегі әрлеу жұмыстарынан соң ондағы 30-ға жуық оқушы мен 10-нан астам ұстаз өзін жайсыз сезініп, дәрігердің көмегіне жүгінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу