Сарыағаш ауданындағы мектептерде оқушылар тыйым салынған сайттарға кірген

963

4 мектеп директоры тәртіптік жауапқа тартылды.

Сарыағаш ауданындағы мектептерде оқушылар тыйым салынған сайттарға кірген Фото: Түркістан облысының прокуратурасы

Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы мектептерде оқушылар тыйым салынған сайттарға кірген. Бұл туралы аудандық прокуратура тексеріс кезінде анықтаған, - деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Прокуратура мәліметінше, мектептердегі компьютерлерде порнографиялық, букмекерлік ойындар және т.б сайттарға шектеу қойылмаған.

Аталған кемшіліктердің салдарынан информатика пәні бойынша сабақтар кезінде оқушылардың интернет арқылы тыйым салынған сайттарға кіргені анықталды.

Сарыағаш аудан прокуратурасымен енгізілген  прокурорлық қадағалау актісі негізінде 77 мектептің компьютерлеріне тиісті бұғаттау қойылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу