Сарыағаш қаласы кәріз суының ортасында қалды
23 Ақпан 2021 22:19 495

Шаһарда орталық кәріз жүйесі жұмыс істемегендіктен көпқабатты үйлер барлығы қалдық суларын үй аулаларына ағызады. Салдарынан соңғы уақытта айналаның барлығын қолқаны қабар қолаңса иіс алып кеткен. Ол аздай ондағы жұрт ауыз судың да азабын тартып отыр. Тіршілік нәрі белгілі бірі уақытта ғана беріледі. Оның өзі мардымсыз болғандықтан тұрғындар суды жинап алуға үлгермей жатады.