Сарыағаш полицейлері онлайн несиені заңсыз рәсімдеген күдіктіні ұстады

589

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне алаяқтық қылмысы туралы арызымен жергілікті тұрғын шағымданды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.  

Сарыағаш полицейлері онлайн несиені заңсыз рәсімдеген күдіктіні ұстады Фото: wfin.kz

Әйелдің айтуынша, оған бейтаныс әйел телефон арқылы мемлекеттен әлеуметтік көмек алуға көмектесетінін айтып, әбден сендірген. Біраз уақыттан соң жәбірленуші өзінің атына шамамен 1,5 миллион теңге онлайн-несие рәсімделгенін білген. Бұл жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Сарыағаш ауданының полицейлері алаяқтық жасаған күдіктіні анықтады. Жергілікті тұрғын оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Белгілі болғандай, алаяқ әлеуметтік көмек рәсімдеу сылтауымен жәбірленушінің сеніміне кіріп, мобильді қосымша арқылы оның атынан ірі көлемде онлайн-несие рәсімдеген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу