Сарыағаш станциясы жүкайналымын өткізуге дайын

2331

Сарыағаш станциясында Қазақстан мен Өзбекстан теміржол әкімшіліктерінің өкілдері пойыздар қозғалысын ұйымдастыру саласындағы ыңтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сарыағаш станциясы жүкайналымын өткізуге дайын

"ҚТЖ – Жүк тасымалы" АҚ Бас директорының орынбасары Мұхтар Махамбет пен "Узбекистон темир йуллари" АҚ жүк және коммерциялық жұмыстар басқармасы басшысының орынбасары Махамаджон Усмоновтың қатысуымен өткен кеңесте елдер арасындағы жүк тасымалы көлемін арттыру бойынша шаралар, Сырдария мен Сарыағаш мемлекетаралық түйісу пункті жұмысының технологиялық процестерін жетілдіру туралы сөз болды, деп хабарлайды "ҚТЖ" баспасөз қызметі.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Сарыағаш МАТП арқылы Өзбекстанға 7 мыңнан астам пойыз жөнелтілсе, шамаман 6700 – кері бағытта. Ағымдағы жылдың алты айында Өзбекстанға 3400 астам пойыз жол тартса, кері бағытта – 3457, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 91 пойызға артық.

Сарыағаш түйіспе пунктінде коммерциялық техникалық ақаулары бар вагондарды ағытып алу, жылжымалы құрамның тұруы үшін жаңа жолдар салынып, созылмалы жол электрлендірілді және ұзартылды. Қызметкерлердің, соның ішінде қозғалыс цехтарында, жүк және вагон шаруалықтарында қосымша штаты арттырылды.

"Біз станциялар жұмысы технологиясын үнемі жетілдіріп отыруға тырысамыз. Бұл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тасымалдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Егер бұрындары Сарыағаш бойынша біз 22 пар пойыз алмассақ, енді жаңа технологиялық процесс бойынша тәулігіне 30 астам пар пойыз алмасу қарастырылуда", - деп атап көрсетті Мұхтар Махамбет.

Бұл ретте, өзбекстандық тарап ақпараты бойынша Түркістан облысы Мақтаарал ауданы бағытындағы Сырдария МАТП арқылы жүк тасымалы көлемінің айтарлықтай артуы жоспарланып отыр.

Шекраөтпелері арқылы пойыздарды үздіксіз өткізу үшін ыңтымақтастықты одан ары дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша тиісті Хаттамаға қол қойылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу