Сарыағаш теміржол вокзалы жаңғыртылды

269

Қайта құрудан кейін вокзал жайлылыққа, қауіпсіздікке және энергия тиімділігіне қойылатын заманауи талаптарға сай келеді.  

Сарыағаш теміржол вокзалы жаңғыртылды Фото: ҚР Көлік министрлігі Telegram

Түркістан облысындағы Сарыағаш станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан теміржол вокзалдарын жаңарту бағдарламасы аясында іске асырылды.

Жаңғырту барысында жолаушылар мен қызметтік бөлмелер, инженерлік коммуникациялар, шатыр және вокзал маңындағы аумақ жаңартылды. Ғимараттың қасбетіне ұзақ мерзімді фиброцемент тақталары орнатылып, жертөле қазақстандық гранит плиткаларымен қапталды. Энергия үнемдейтін екі қабатты терезелері бар алюминий витраждар да жаңартылды.

Вокзал ішінде тозуға төзімді және жанбайтын материалдар қолданылып, еден, төбе және инженерлік желілер жаңартылды. Сондай-ақ жылу оқшаулағышы бар жаңа шатыр орнатылды.

Жаңғыртудан кейін вокзал заманауи жайлылық, қауіпсіздік және энергия тиімділігі талаптарына сай келетін нысанға айналды.

Сарыағаш вокзалы арқылы тәулігіне шамамен 255 жолаушы өтеді. Станциядан Алматы, Шу, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе және Қандыағаш бағыттарына, сондай-ақ Ресей мен Өзбекстан қалаларына қатынайтын 10 жолаушылар пойызы өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу