Сарыағаш тұрғыны танысын мүгедектік зейнеткерлігіне шығарып беремін деп алдаған

476

Күдікті танысының алдын ала 350 мың теңге ақшасын алып, алдап кеткен.  

 Сарыағаш тұрғыны танысын мүгедектік зейнеткерлігіне шығарып беремін деп алдаған Фото: Polisia.kz

Бұл туралы inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сарыағаш ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағымданған. Ол өз арызында таныс әйел мүгедектік зейнеткерлігіне шығарып беремін деп сеніміне кіріп, алдын ала 350 мың теңге ақшасын алып, алдап келген.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын алаяқтығы үшін сотталған сарыағаштық жұмыссыз әйел болып шықты. 

Белгілі болғандай, күдікті алған ақшаны бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда кінәсін мойындаған әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу