Сарыағаш қаласында еліміздегі алғашқы ақылды жаяу жүргінші жолағы пайдалануға берілді, деп хабарлайды otyrar.kz.
Бұл жолақтың ерекшелігі – жүргіншілерді жол бойынан түнгі мезгілде қауіпсіз өткізу. Жол жиегіне келген жаяу жүргіншіні жол бойынан өткізу үшін, арнайы сезгіш датчиктер іске қосылып, жол жамылғысы жарықтанады.
Сарыағаш қаласын ақылды қалаға айналдыру мақсатында smart city – Saryagash жобасы әзірленген болатын. Ақылды жаяу жүргінші жолағы осы жоба аясында іске асты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу