2024 жылдың 10 желтоқсанында сағат 22:05-те "QazaqGaz Aimaq" АҚ Сарыағаш аудандық газ шаруашылығының апаттық-диспетчерлік қызметінің пультіне газ құбырының зақымдануы және газдың ағуы туралы өтінім келіп түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Соққы салдарынан газ құбыры екі жерден жарылған, сондай-ақ 40 метрден астам газ құбырының деформациясы орын алды. Төтенше жағдай тобы газдың ағып кетуін тез арада оқшаулап, қақпа клапанын жауып, ықтимал салдардың алдын алды. Бұған қоса, оқиға туралы техникалық акт жасалды", – делінген QazaqGaz Aimaq баспасөз қызметінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу