Сарыағашта бағдаршам балқып кетті

1502

Оңтүстік өңірлерде ми қайнатар аптап орнады.

Сарыағашта бағдаршам балқып кетті

Бүгін 19 шілде, жаз мезгілінің бел ортасынан өтіп барамыз. Қырық күн шілденің аптап ыстығы күшіне мінген шағы. Биылғы шілде ерекше ыстық. Еліміздің жылы аймақтары – Түркістан, Қызылорда облыстарында ауа температурасы 50 градусқа жетеғабыл.

"Бір күнде 600-ден астам шақыру түсті. Оның 30%-ға жуығын жас балалар құрап отыр. Әсіресе,  жүрек- қан тамыры  науқастарының асқынулары көп байқалып отыр", – дейді  Қызылорда қалалық медициналық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Якия Шорабаев.

Желіде күннің қызуына шыдамай, балқып, ағып кеткен бағдаршам түсірілген видео жарияланды. Автордың айтуынша, бұл – Сарыағаш, мұнда ауа температурасы – 55 градус, 60 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Дегенмен, балқыған бағдаршамның тарихы басқаша көрінеді. Салбырап қалса да, жұмыс істеп тұрған сынық бағдаршам жергілікті тұрғындарға әбден таныс екен. Олардың айтуынша, оны ауыр жүк көлігі "иығымен іліп кеткен".

Айта кетсек, мамандар ауа температурасы 50 градустан жоғары болса, төтенше жағдай жарияланатынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу