Оңтүстікте Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылының тұрғындары жарты ғасыр бұрынғы баспананы бұзғанда, ежелгі динозаврдың қаңқасына ұқсас сүйектерді тауып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ынтымақ елді мекенінің тұрғындары ескі баспанаға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, еденін ашқан. Сол кезде белгісіз мақұлықтың сүйегі топырақтың бетінде ашық жатқан. Ауыл тұрғыны Бародар Абдуғаппаровтың сөзінше, қаңқаның көрінісі оны көрген кез келген жанды селт еткізеді. Бір қараған адамға ежелгі динозаврды елестетеді. Өйткені тұрпаты үрей туғызатын сүйектің екі аяғы көрініп тұр. Ал, құйрықтары ұзын. Шамамен 30-40 см болады. Тұрғындар енді табылған сүйекті арнайы мамандарға көрсетіп, зерттеу жүргізу үшін ғалымдарға бермекші.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу