banner

Сарыағашта ірі көлемдегі героинмен тәжікстандық ұсталды

931

Түркістан облысының Сарыағаш ауданы аумағындағы "Жібек жолы" өткізу бекетінде аса ірі көлемдегі есірткі тасымалына тосқауыл қойылды.

Сарыағашта ірі көлемдегі героинмен тәжікстандық ұсталды

 

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің өкілдері көлігіне героин жасырған тәжікстандықты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шекара қызметінің мәліметінше, 20 қыркүйек күні кеденшілер мен шекарашыларда "Х.А." есімді Тәжікстан азаматының автокөлігін тексеру кезінде күдік туындаған. Өйткені көлікте жасырын орын жабдықталғандығы анықталған. Тереңдетілген техникалық тексеру барысында машинаның бамперінен жасырылған спецификалық белгілері бар зат табылады. Тиісті сараптама қорытындысы бұл заттың героин екенін көрсеткен.

"Материалдар белгіленген тәртіппен тіркеліп, азамат "Х.А."-дан тәркіленген героин және автокөлік сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу үшін құқыққорғау органдарына тапсырылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жыл басынан бері еліміздің шекарашылары заңсыз айналымнан 120 келі есірткі затын анықтап, тәркілеген. Оның ішінде - 20 кг героин, 7 кг гашиш, 70 кг канабис шайыры және көптеген көлемде синтетикалық есірткілер бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу