Сарыағашта отбасылы әйелмен көңіл қосқан кәсіпкер өлімі ісіне нүкте қойылды

1098

27 жастағы кәсіпкердің өліміне кінәлілер 8 жылға бас бостандығынан айырылды.  

Сарыағашта отбасылы әйелмен көңіл қосқан  кәсіпкер өлімі ісіне нүкте қойылды

Көпті дүрліктірген бұл оқиға өткен жылдың жазында орын алған. 27 жастағы кәсіпкер Әуезхан Баймырзаев отбасылы келіншекпен жасырын түрде көңіл қосып жүрген екен. Ал оны біліп қойған келіншектің күйеуі қайын інісін алып 27 жастағы жігітті соққыға жыққан. Ауыр жарақат алған кәсіпкер жан сақтау бөлімінде төрт күн жатып, көз жұмды. Марқұмның  мүгедек ағасының айтуынша, інісіне 6 адам жабылған. Бірақ,  бұл оқиға бойынша келіншектің күйеуі мен ағасы басты күдікті болып табылды. Ал қалған төртеуінен куәгер ретінде жауап алынды.

Сотта белгілі болғаны, сотталушы ер кісі  өз үйінде келіншегіне бөтен еркектің келіп тұрғанын көріп, ашуға булығыпты. Содан кәсіпкер жігітті ұрып-соққан.

"Сотта анықталғандай  сотталушылар жігіттің денсаулығына қасақана ауыр дәрежелі дене жарақатын салған,  абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған. Соттың үкімімен сотталушы екі азаматқа 8  жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді. Сотталушылар жәбірленуші тараптың пайдасына  6 млн теңге моральдық шығын және 400 мың теңге материалдық шығын өндіретін болды" – деді Түркістан облыстық сотындағылар.

Ал марқұмның туыстары  үкіммен келіспейді. Айтуларынша, берілген жаза тым жеңіл. Енді олар апелляциялық шағым түсірмек ниетте.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу