Сарыағашта шекарадан есірткі алып өтпек болған екі шетелдік ұсталды

553

Қызметтік ит Өзбекстан және Тәжікстан азаматтарынан есірткі затын тапты.  

Сарыағашта шекарадан есірткі алып өтпек болған екі шетелдік ұсталды Фото: egemen.kz

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтау мен контрабандаға қатысы бар екі шетелдік азаматты анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Түркістан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция бөліміне "Жібек жолы" шекара бекетінен есірткі тасымалдады деген күдікпен шетелдікті ұстау туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полицейлер бақылап-өткізу пункті арқылы өтіп бара жатқан сезікті ер адамға қызметтік ит белгі бергенін анықтады. Аталмыш Өзбекстан азаматын тінту кезінде, одан құрамында есірткі заты бар полиэтилен пакет табылды.

"Мадрид" және "Жайма" атты қызметтік иттер тәртіп сақшыларына күдіктілерден гашиш есірткісін анықтауға көмектесті.

Полицейлер тәркіленген заттай дәлелдемені сараптамаға жіберді. Қорытындыға сәйкес, ол жалпы салмағы 3 грамнан асатын "гашиш" есірткісі болып шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу