Сарыағашта тағы бір шипайжай ашылды

907

Сарыағашта тағы бір шипайжай ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш демалыс аймағында тағы бір шипажай ашылды. "Ақ тілек" сауықтыру орнының құрылысына 505 млн теңге жұмсалған.

Заманауи үлгіде салынған нысанды жергілікті билік БАҚ өкілдеріне таныстырды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Жаңадан салынған шипажай 150 адамға қызмет көрсетуге қауқарлы. Заманауи құралдармен жабдықталған демалыс орны барлық талаптарға сай жасалған. Сондай-ақ жергілікті 100-ге тарта тұрғын жұмыспен қамтылды.

Айта кетейік, Сарыағаш демалыс аймағында  бүгінде 22 емдік сауықтыру орталығы қызмет етеді. Ауданда минералдық және термалдық суларды пайдалану арқылы сауықтыру туризмі жолға қойылған. Саялы мекеннің туристік әлеуетін одан әрмен көтеру үшін қосымша бағдарлама жасалып, қолға алынуда. Оған сәйкес курорт аумағын 530 гектарға ұлғайту жоспарланған.  Аудандық кәсіпкерлік бөлімі қызметкерлері курорттық туризм бағыты бойынша тағы 10 жобаның ұсынылып, жобалық сметалық құжаттары әзірленіп жатқанын айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу