Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Қапланбек ауылдық округіне қарасты Қанағат елдімекенінде жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайлар президент сайлауында дауыс берді.
Жас отбасы Жақсылық Зайдин мен Жанару Сайлау Қанағат елдімекеніндегі №631 сайлау учаскесіне той көйлегімен келіп, өз таңдауын жасады.
Саяси науқанға бейжай қарамаған қос ғашық "еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін дауыс бердік" дейді.
Жалпы Сарыағаш ауданы бойынша - 79, ал Түркістан облысы бойынша - 919 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу