Сарыағашта жоғалған қыздың денесі ауыл тұрғындарының бірінің үйінен табылды

7558

 Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

Сарыағашта жоғалған қыздың денесі ауыл тұрғындарының бірінің үйінен табылды Фото: polisia.kz

13 шілде күні Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы арыз түсірген, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қыздың денесін ауыл тұрғындарының бірінің үйінен тапты. Қыздың денесінде жарақат іздері болған.

Күдікті Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды. Істің мән-жайын анықталып жатыр.

Оқиға орнына полиция бөлімінің басшылығы, аудандық прокурордың орынбасары және жедел-тергеу тобы барды.

"Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында",-делінген хабарламада.

Аталған оқиға ҚР Қылмысьық Кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу