Сарыағашта әскери бөлімнің маңы өртенді

3258

Бұл жайлы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.

Сарыағашта әскери бөлімнің маңы өртенді

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы №2020 әскери бөлім жанында құрғақ шөп өртенген.

"6 шілде күні сағат 21:02-де өртке қарсы қызмет пультіне Түркістан облысының Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласынан 120  шақырым жерде,  №2020 әскери бөліміне тақау маңда құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері қабылдаған шаралардың арқасында сағат 22:35- те қызыл жалынның алды алынып,  22-57-де толық сөндірілді. Өрт шарпыған аумақ үш гектарды құрады. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", – деп атап өтілген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, өртті сөндіруге Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 22  маманы мен 4 техникасы жұмылдырылған.

Айта кетсек, Сарыағаштағы өрт туралы видео әлеуметтік желілерде өткен түнде жүктеле бастады. Оқиғаны көзбен көргендер өрттің әскери бөлім аумағында екенін айтқан. 

"Сарыағашта әскери бөлім жанып жатыр. Биыл әскери қойма мен бөлімдер атылып, жанатын жыл болды. Ермекбаев айтпақшы, бұл да "табиғат апаты", ең бастысы адам шығыны жоқ болсыншы!",– деп жазды facebook желісі қолданушысы Айгүл Орынбек өз парақшасында.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу