Сарыағаштағы күн электр станциясы наурызда іске қосылады

1493

42 гектар жерді алып жатқан қуаттылығы 20 МВт құрайтын күн электр станциясының құрылысы аяқталуда. 

Сарыағаштағы күн электр станциясы наурызда іске қосылады

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 42 гектар жерде қуаттылығы 20 МВт құрайтын күн электр станциясының құрылысы аяқталуда. Жобаны қазақстандық EcoProTech-Astana компаниясы германиялық "DERA GmbH" компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда. Тартылған инвестиция көлемі – 35 млн долллар, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Күн электр станциясының құрылысы аясында – 77 мыңнан астам фотоэлектрлік модуль, 10 инвертор мен трансформатор, сондай-ақ 10 таратушы құрылғы орнатылады. "Жасыл" энергия көздерінен  өндірілген электр энергиясы Қазақстандағы бірыңғай электр энергетикалық жүйесі болып табылатын "KEGOC" АҚ-ға жеткізіледі. Жобаны жүзеге асыру аясында 20 жұмыс адам жұмыспен қамтылмақ.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңында модульдерге арналған металл конструкциялар салынған. Осы ақпан айында күн батареялары мен трансформаторлар блогы орнатылады. Электр станциясының іске қосылуы 2019 жылдың наурыз айына жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу