Сарыағашты айналып өтетін 102 шақырымдық жолдың құрылысы жүріп жатыр

241

Жоба аясында 8 жол айрығы мен 22 көпір салынады.  

Сарыағашты айналып өтетін 102 шақырымдық жолдың құрылысы жүріп жатыр Фото: ҚР Көлік министрлігі Telegram

Сарыағаш қаласын айналып өтетін ұзындығы 102 шақырым жаңа автомобиль жолының құрылысы жалғасып жатыр. Жоба 2026-2030 жылдарға жоспарланған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жол Іа техникалық санатына сәйкес төрт жолақты етіп салынады. Қазір құрылысқа 326 техника мен 470 қызметкер жұмылдырылған. Жер төсемін салу бойынша 1,26 млн текше метрден астам жұмыс орындалды.

Жоба екі учаскеден тұрады. Бірінші учаске 0-55 шақырым аралығын қамтиды. Онда жобалау жұмыстарының 71%-ы орындалған. Бұл аумақта 198 арнайы техника мен 296 адам жұмыс істеп жатыр.

Екінші учаскенің ұзындығы 47,6 шақырым. Жобалау жұмыстарының 60%-ы аяқталған. Мұнда 138 техника мен 174 қызметкер жұмылдырылған.

Жоба аясында 8 көлік айрығы, 22 көпір, ауыл шаруашылығы техникасына арналған 21 өткел және 223 су өткізу құбыры салынады.

Жаңа жол Сарыағаш қаласындағы көлік ағынын азайтып, транзиттік көліктерді қаланы айналып өтуге мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу