Сарыағаштық алаяқ-ғашықтар қолға түсті

881

Түркістан полицейлері алаяқтықпен айналысқан ғашықтарды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сарыағаштық алаяқ-ғашықтар қолға түсті

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел белгісіз екі адам түрмеде жатқан ағасын шығарып беретінін айтқан және ол үшін жәбірленушіден үш миллион теңге алғанын айтып арызданған.

Алайда жылға жуық уақыт аралығында түрлі сылтаулар айтып не ақшасын қайтармайды, не берген уәдесін орындамаған. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеп, күдіктілерді іздеуге кірісті. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде күдікті екеудің жеке басын анықтап, ұстады. Олар орта жастағы екі жергілікті тұрғын, жігіт және оның сүйіктісі болып шықты. Ғашық жұптар осылай жеңіл жолмен ақша таппақ болғандарын мойындады. Полиция бұл жұптың бұрындары да алаяқтық жайтымен сотты болғандарын жоққа шығармайды. Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу