Сарыағаштық бағбанның Қытайдан әкелген ағашы 1 жылда 5 метрге өседі

2225

Ол 2017 жылы Қытай елінен 50 мың түп алдырып, аудандағы бос жатқан 2 гектар жерге отырғызған.

Сарыағаштық бағбанның Қытайдан әкелген ағашы 1 жылда 5 метрге өседі

Сарыағаш ауданының тұрғыны Балтабай Құрбанбаев павловния ағашын өсіруді қолға алды. Ол 2017 жылы Қытай елінен 50 мың түп алдырып, аудандағы бос жатқан 2 гектар жерге отырғызған. Кәсіпкер бұл дарақ ең бағалы ағаштардың бірі екенін айтады, деп хабарлайды otyrar.kz.

"Павловния ағашы әлемдегі ең жылдам өсетін ағаш деп айтуға болады. Жылына 4-6 метрге дейін өссе, ал бойы 25 метрге дейін жетеді. 6 апта гүлдеп тұрады. Еуропа елдерінде жиһаз жасауға осы ағашты қолданады. Одан бөлек, қайық, шаңғы, теннис рокеткасын, музыкалық аспап тағы басқа да бұйымдар дайындауға да таптырмайтын дүние. Бұл ағашта көз болмайды. Өте иілгіш келеді. Бастапқыда адамдар мұндайға сеніңкіремей қараған. Қазір жан-жақты көз жеткізіп, көшеттерін алып көбейтуді ойластыруда. Түсінген адамға мұның пайдасы ұшан теңіз", – деді Балтабай Құрбанбаев.

Кәсіпкердің сөзінше, оңтүстіктің климаты павловния ағашын өсіруге өте қолайлы. Күтімі жақсы болса, 3 жылдан кейін ағашты қажетке жарата беруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу