Прокуратура ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы 23 мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар 64 балаға үйде сабақтың іс жүзінде өтпегені анықталды. Алайда мұғалімдерге еңбекақының төленіп отырған.
"D.MED" жүйесі арқылы бұл балалардың еліміздің әр өңіріндегі ауруханаларда ұзақ уақыт бойы ем қабылдағаны және үй жағдайында білім алу мүмкіндіктерінің болмағаны белгілі болды. Соған қарамастан, мұғалімдерге сабақ өткізгені үшін төлемдер жасалған.
Мысалы, №16 мектептің бір оқушысы жыл бойы емдеуде болғанына қарамастан, мұғалімдер оны "оқытқаны" үшін 319 101 теңге алған.
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде бұл қаражат бюджетке қайтарылып, білім беру саласының 311 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.