Түркістан облысының Сарыағаш ауданында екі-үш өнім алу жобасы бойынша егін егу жұмыстары басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Биыл ауданда жалпы 70 мың гектарға жуық жерге егін егу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 42 мың 800 гектарына астық, 2200 гектарға майлы дақылдар, 4000 га жерге картоп, 10 мың гектардан аса көкөніс, 1200 га бақша және 9 мың га жерге мал азықтық дақылдар егілетін болады",– деп жазылған облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу