Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағында 45,3 млрд теңгеге 9 жоба іске асырылды

735

ИИДМ-нің Индустриялық даму комитетінің өкілдері және Парламент Сенатының депутаттары Қарағанды облысындағы "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағы мен "Саран" индустриялық аймағына барып, өндіріс орындарының қызметімен танысты, деп жазады inbusiness.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағында 45,3 млрд теңгеге 9 жоба іске асырылды Фото: ortcom.kz

"Қазір "Сарыарқа" АЭА-ның аумағында 45,3 млрд теңге сомасына 600-ге жуық жұмыс орнын ашуды қарастыратын 9 жоба іске асырылды. Бұған қоса 1800-ден астам жұмыс орнын ашуды көздейтін 11 жоба жүзеге асырылып жатыр", - дейді Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Шыңғыс Сүйінбаев.

Ақпаратқа сәйкес, министрлік өкілдері мен сенаторлар неміс технологиялары негізінде ұлттық және халықаралық талаптарға сай келетін, шар тәріздес ілмекті арматураны өндіретін "Бемер Арматура" кәсіпорнында болды. Оның өнімдері мұнай-газ секторы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында сұранысқа ие. Бұл зауыт заманауи еуропалық қондырғылармен жабдықталған. Мұнда Германия кәсіпорындарында тәжірибеден өткен білікті кадрлар жұмыс істейді.

Сондай-ақ, делегаттар Polymet Solutions Corporation компаниясының жұмысымен танысты. Бұл кәсіпорында тау-кен зауыттарындағы өнеркәсіпке қажет резеңке, резеңке металды қаптамалар өндіріледі

Ал, аймақтағы KamaTyresKZ компаниясы жеңіл және жеңіл жүк көліктері, сондай-ақ ауыр жүк көліктеріне арналған шиналар шығарады. Зауыттың жылдық өндірістік қуаты – 3,5 млн шина. Делегаттар бұл зауыттың да жұмысымен танысты. Ал, QazTehna компаниясы жолаушылар автобусының, кен орындарына, сондай-ақ құрылыс және жол салуға арналған техниканы шығаруға дағдыланған отандық өндіруші. Бұл компанияның жалпы өндірістік қуаты жылына – 1200 жолаушылар автобусы мен электр автобусын, сондай-ақ 

кен орнына және құрылыс пен жол салуға арналған техниканың 500 данасын шығаруға қауқарлы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу