Сарыарқа – Достық метро станцияларының құрылысы қашан аяқталады?

915

Достық – Қалқаман бекеттерінің құрылысы басталды. 

Сарыарқа – Достық метро станцияларының құрылысы қашан аяқталады?

Алматыдағы жол инфрақұрылымын дамыту тақырыбында өткен брифингте  Қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Әбжахан метрополитен құрылысына байланысты сауалдарға жауап берді. 

"Метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезегін іске қосу жұмыстары жалғасуда. Ол Достық және Сарыарқа бекеттері. Яғни, батыс бағыттағы Абай даңғылы бойымен Алтынсарин даңғылынан Момышұлы көшесіне дейін. Ұзындығы 3,1 шақырым метро желісін қамтиды. Биылғы жылы метроның үшінші кезегін іске қосу басталды. Ол Абай даңғылы бойынан Яссауи көшесінен Әшімов көшесіне дейін. Сонымен қатар Қалқаман шағын ауданында Әшімов көшесінің бойымен солтүстік бағытта, ұзындығы 2,4 шақырым, яғни, Достық – Қалқаман желісі қарастырылған", – деді спикер. 

Осы орайда тілшілер тарапы аталған метро желілерінің құрылысы қашан аяқталатынын сұрады. Сауалға жауап берген басқармасы басшысының орынбасары Достық және Сарыарқа бекеттерінің құрылысы 2021 жылы аяқталатынын мәлім етті.

"2021 жылдың соңына дейін Достық және Сарыарқа бекеттерінің құрылысын аяқтау жоспарланған. Ал Достық - Қалқаман станцияларының құрылысы қаржы жеткілікті болған жан жағдайда 3 жылда аяқталады", – деді Ернұр Әбжахан. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу