"Сарыарқа" газ құбыры іске қосылды. Бұл туралы энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың мәліметі бойынша аталған құбыр белгіленген мерзімнен бірнеше күн бұрын пайдалануға берілген екен. Қызылорда облысынан бастау алған газ құбыры, отандық көк отынмен еліміздің солтүстік, орталық және Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау мен Жезқазған қаласын қамтымақ. Сондай-ақ, жақын маңдағы 171 елдімекенге газ беріледі.
Айта кетейін, Сарыарқа газ құбырының құрылысы 2018 жылы басталған, жобаның жалпы құны – 267,3 млрд теңге.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу