"Сарыарқа" газ құбырының 91%-ы сынақтан өтті

1421

Құрылыстың бірінші кезеңі желтоқсан айында аяқталады. 

"Сарыарқа" газ құбырының 91%-ы сынақтан өтті Фото: sputniknews.kz

Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков "Сарыарқа" магистральді газ құбырының Нұр-Сұлтан қаласына дейінгі құрылысы аяқталуға жақын екенін мәлімдеді. 

"Сарыарқа" магистральді газ құбырының алғашқы кезеңіндегі төсеу жұмыстары 100 пайыз аяқталды. Бүгінге дейін 1 061 шақырым құбыр төселіп, дәнекерленді. Құрылыс жұмысына 1 700 маман мен 1 мың арнайы техника жұмылдырылды. 963 шақырым немесе газ құбырының 91%-ы сынақтан өтті", – деді вице-министр.

Мұрат Жүребековтің сөзінше, "Сарыарқа" магистральді газ құбырының Нұр-Сұлтан қаласына дейінгі құрылысы жоспарға сай, межелі мерзімде аяқталады. 

"Қазір газ құбырының, 5 автоматтандырылған газ тарату стансасының, газ өлшеу стансасының және басқару бекетінің құрылысы жүріп жатыр. Барлық нысандағы құрылыс желтоқсан айында аяқталады. Газ құбыры 31-желтоқсан күні қабылданады. Нұр-Сұлтан қаласына дейінгі магистральді газ құбырының құрылысы жол бойындағы 171 елдімекенді кезең-кезеңмен көгілдір отынмен қамтуға сонымен қатар елорданың және өзге де елдімекендердің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді", – деді вице-министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу