"Сарыарқа" және "Б. Момышұлы" метро бекеттерінің құрылысы аяқталуға жақын

828

Қала басшысы көлік инфрақұрылымы құрылысының қарқынын тексерді. 

"Сарыарқа" және "Б. Момышұлы" метро бекеттерінің құрылысы аяқталуға жақын

Алматыдағы Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында көлік жолайрығының құрылысы аяталып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Рысқұлов даңғылы арқылы өтетін эстакадада жол жабынын орнатуға дайындық жүргізілуде. Жақын орналасқан аумақ  абаттандырылуда. Эстакаданың ұзындығы – 186 метр. Бұрындары жеке бүйірлі съездер бойынша көлік қозғалысы ашылған болатын. Жолайрығы Рысқұлов даңғылы бойынша көлік өткізу қабілетін тәулігіне 80 мың автомобильге дейін, Емцов көшесі бойынша – 40 мыңға дейін арттырады", – деп хабарлады әкімдікте. 

Сонымен қатар Алматы әкімі Момышұлы көшесінен Наурызбай ауданының әкімшілік орталығына дейінгі ұзындығы 3,5 км учаскенің құрылысы аяқталып қалған Абай даңғылын ұзартудың барысымен танысты. Әр бағытта қозғалыс үшін 3 жолақ қарастырылған. Әшімов көшесінің үстінен 400 метрлік эстакада салу жалғасуда. Бұл учаскедегі қозғалыс уақытша сызба бойынша ұйымдастырылады.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев аралық тоннельдерден және "Сарыарқа" және "Б. Момышұлы" екі станциядан тұратын метрополитеннің екінші іске қосу кешені объектілерінің құрылыс барысымен танысты. Мұнда әрлеу жұмыстары аяқталып, жабдықтар орнатылуда және электромонтаж жұмыстары жүргізілуде.

Бұлардан өзге, мегаполис әкімі Жандосов көшесіндегі БРТ желісі бойынша көше-жол желісін реконструкциялау жұмыстарының ауқымын бағалады. Сүлейменов көшесінен Үлкен Алматы өзеніне дейінгі учаскенің ұзындығы 1 шақырым. Осылайша, Мұстафин-Сүлейменов-Жандосов-Тимирязев көшелерімен Желтоқсан көшесіне дейін ұзындығы 8,7 км БРТ желісінің бірінші учаскесінің құрылысы аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу