"СарыарқаАвтоӨндіріс" "Азия Автоны" басып озды

869

Отандық автоөндірушілер арасында жаңа көшбасшы пайда болды. 

"СарыарқаАвтоӨндіріс" "Азия Автоны" басып озды

Биыл автонарықтағы бағалар жақсы жаққа өзгермесе де, шығарылып жатқан көлік саны артты. 2019 жылы қазақстандық автомобильдердің ай сайынғы үлесі 50%-дан төмен түспеген. Былтыр "Қазақстанда жасалған" деген жапсырмасы бар көліктерге сұраныс 49 %-ды құраса, биыл бұл көрсеткіш 58%-ға дейін жетті. 

ҚАБА хабарлағандай, 2019 жылдың тоғыз айында Қазақстанда 33 500 көлік құралы өндірілді, бұл өткен жылғы қаңтар-қыркүйек аралығындағы көрсеткіштен 47.5 %-ға артық. Ақшалай есептегенде де, биылғы нәтиже былтырғыдан 62.5%-ға (229 млрд теңге) жоғары. 

Жеңіл көліктердің үлесі үлкен – 29 846 дана (+41.2 %). Жүк көліктерінің өндірісі екі жарым есеге – 2 133 дана (+166 %), автобус өндірісі үш жарым есеге – 848 дана (+267 %) артты. Сонымен қатар, биыл 613 тіркеме және жартылай тіркеме (+58 %), 60 дана арнайы техника шығарылған. Былтыр үздіктер көшін бастаған өскемендік "Азия Авто" (Lada, Kia, Skoda, Uaz) биыл 14 443 техника өндіріп, 16 442 көлік құрастырған СарыарқаАвтоПромнан" (Hyundai, JAC, Ravon) қалып қойды. СеМАЗ "газельдерінің" өндірісі де нәтижені айтарлықтай жақсартты. Жыл соңына дейін олар 3 000 коммерциялық техника шығаруды жоспарлап отыр. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу