Сарыбұлақ өзенінің жағасынан 7 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдық жиналды

564

Сарыбұлақ өзенінің жағасында тазалық жұмысы жүргізілді.  

Сарыбұлақ өзенінің жағасынан 7 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдық жиналды

Жаз мезгілі, әсіресе демалыс уақыты басталысымен елорда тұрғындары табиғат аясында демалуға жиі шығады. Алайда өкініштісі мұндай демалыстан соң өзен жағасы, ашық тұстар ластанып, қоқыстанып жатады. Сарыбұлақ өзенінің жағасында жиналған қоқыс осы сөзімізге дәлел, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы "ЖасНұр" кәсіпорнымен бірлесіп, Қарасай батыр көшесінен Сарыбұлақ өзенінің жағасына дейінгі аумақта тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тазалық жұмысы барысында 7 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар жиналды. Қоқыстың негізгі бөлігі тұрмыстық қалдықтар мен полимерлерден тұрады. Полимерлерге пластик, пластик пакеттер, бөтелкелер, тамақ контейнерлері, торт қағазы және т.б. жатады.

Полимердің қоршаған ортаға және адамдарға тигізетін зияны аз емес. Ол ең алдымен өздігінен ыдырамайды, улы зат бөліп шығарады. Осы арқылы тірі ағзаға зиян келтіреді. Полимердің жануы тіптен зиян. Олардың құрамында 70-тен астам жоғары уытты және канцерогенді заттар бар.

Бұл жұмыстың маңыздылығы – су беті мен оның аумағын қоқыстан тазарту ғана емес, сондай-ақ экология мен қоршаған ортаны сақтау бойынша жүргізіліп жатқан амалдың бір бөлігі.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын табиғат аясында демалысқа шыққанда тазалық пен тәртіпті сақтауға, қоқыс қалдырмауға, қатты тұрмыстық қалдықтарды тек қоқыс контейнерлеріне немесе қоқыс жәшіктеріне тастауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу