Сарығашта ауыр қылмысқа барған күдікті мас күйде 5 жасар қызды үйіне алдап кіргізген

5186

​Бұл туралы Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу соты хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сарығашта ауыр қылмысқа барған күдікті мас күйде 5 жасар қызды үйіне алдап кіргізген Фото: Бейнежазбадан

"Күдікті ішімдік ішкен мас хәлде өзінің үйіне келе жатып, жыныстық нәпсі құмарлығын қанағаттандыру мақсатында ойнап жүрген 5 жастағы қызды ауласына алдап алып кірген. "Тыңдау үшін жақсы ән қойып беремін" деп ауласына кіргізіп алған соң, күш қолдану арқылы жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерді қасақана жасаған. Одан әрі, аса ауыр қылмысын жасыру мақсатында жәбірленушіні асхана пышағымен көкірек торы мен іш-аумағынан бірнеше рет шаншылап-кескілеп қасақана өлтірген", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу