Сарыағашта кісі қолынан қаза тапқан бес жасар қыздың әкесі педофилдің үйін сүріп тастауды талап етті

879

Нұржан Ережепов оның үйі маскүнемдер мен үйсіз-күйсіздердің ордасына айналғанын айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Сарыағашта кісі қолынан қаза тапқан бес жасар қыздың әкесі педофилдің үйін сүріп тастауды талап етті Фото: Бейнежазбадан

"Бірнеше күн бұрын көршілерім маған қоңырау шалып, онда жарық жанып тұрғанын жеткізді. Көршілерім ол үйге бас сұғып, арақтың шөлмегі мен стақандар жатқанын көріпті. Бірақ ешкім болмаған. Бұл үй қазірдің өзінде маскүнемдердің иектейтін жеріне айналған. Біз Үкіметтен бұл үйді толығымен сүріп, ал жер телімін өз балансына алуды сұраймыз. Халыққа пайда әкелетін орын болсын. Бұл үйді міндетті түрде қирату керек, маған оның үйін бұзамыз деп те уәде берген. Үй өте ескі, онда өмір сүру мүмкін емес. Алқаштардың жын-ойнағы десе де болады", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу