Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы әкімі Амантай Балғариннің айтуынша, аймақта ауыл шарушылығы, білім беру, медицина саласына мамандар тапшы.
Бүгінде Қостанай облысындағы Сарыкөл ауданына Түркістан облысынан 21 отбасы қоныс аударған. Осының нәтижесінде аймақтағы ауыл өмірі жанданып, бірнеше мектеп жабылу қаупінен арылған. Ал аудан әкімінің сөзіне қарасақ, оңтүстіктен көшіп келетіндердің ішінде жұмыс істеуге құлықсызы да бар екен.
"Іскер жігіттер келсе, кәсіп ашып, жұмыс орындарын ашса. Мектепке қазақ тілін білетіндер керек, дәрігерлер керек, әкімдер керек. Жұмыс жасаймын деп келу керек. Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүремін деушілер керек емес. Ондайлар өзімізде де көп", – дейді Амантай Балғарин.
Арай Есенбек