Қарағанды облысы Сарыөзек ауылының әкімі Жұмаш Жиренбаев Теміртау-Ақтау тас жолында жол апатына түсті. Көлікте әкіммен бірге тағы 5 адам болған. Жәбірленушінің барлығы Теміртау қаласының орталық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Куәгерлердің айтуынша, Reno Duster көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Lada Priora көлігіне соқтығысқан. Жол апатынан зардап шеккен 5 жолаушы Теміртау қалалық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесіне жеткізілді.
"Зардап шеккендердің ешқайсысы жан сақтау бөліміне жатқызылған жоқ. Барлығының жағдайы жақсы", – деп мәлімдеді баспасөз қызметінің өкілдері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу