Әскери қалашықтағы тұрғын үй ғимараттары өткен ғасырдың 70-80 жылдары салынған. Күрделі жөндеуден кейін пәтерлер тұруға ыңғайлы болды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Барлық пәтерде су, жылу құрылғылары ауыстырылып, сондай-ақ толық
ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Пластикалық терезелер орнатылып, ішкі және
сыртқы есіктер жаңартылды.
Үйдің сырты отқа төзімді жылу оқшаулағыш материалдармен қапталған, балкондар металл жақтаулармен күшейтілген.
Сарыөзек гарнизонының бастығы подполковник Ержан Ембергенов пен
аудандық пайдалану бөлімінің басшысы майор Бейбіт Жұмабаев қоныс тоймен
құттықтап, кілттерді табыс етті.