Бұл бағытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
"Республикалық маңызы бар "Сарыөзек – Көктал" автожолының 45-68 шақырымында 17-18 наурыз күндері аралығында өндірістік қажеттілікке байланысты бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілетін болады. Осыған байланысты, автомобиль жолының осы учаскесі барлық автокөлік түрлері үшін жабық болады.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін "Дәрмен" тегін мобильді қосымшасын жүктеуге болады", – делінген Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.