Сарышағанда тоқтап тұрған пойыздар жолға шықты

719

Сарышаған стансасында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетіп, бес жолаушы пойызының қозғалысы тоқтатылған еді. 

Сарышағанда тоқтап тұрған пойыздар жолға шықты

Жүк пойызының рельстен шығып кетуіне байланысты Сарышаған стансасында тоқтап қалған жолаушы пойыздары жолға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматыға жол тартқан жолаушының сөзіне сүйеніп.

Оның айтуынша, теміржолдағы қозғалыстың қайта жандануын күтпеген кей жолаушылар қалааралық таксилерге отырып, жолға аттанған.

"Әр көліктің салонын жалдау құны 50 мың теңге болды" - дейді ол.

Еске салайық, Сарышаған стансасында жүк пойыздары вагондары (Қашқантеңіз-Жастар аралығындағы Мойынты-Шығанақ бөлігінде келе жатқан №2009 пойыз) рельстен шығып кетіп, бес жолаушы пойызының қозғалысы тоқтатылған еді. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Тоқтап қалған пойыз жолаушыларына ыстық тамақ беріліп, жедел жәрдем және өрт қауіпсіздігі көліктері кезекшілікте болды. Сонымен қатар, жүк пойызының рельстен шығуының алдын ала себептері айтылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу